Нұра ауданында заманауи бассейн салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында Нұра ауданында 1 млрд 353,9 млн теңгенің 17 жобасы жүзеге асырылуда. Бұл туралы онлайн-брифингте аудан әкімі Аян Шалмағанбетов мәлімдеді.

Осы жобалардың екеуі - инвестициялық және 15 - инфрақұрылымдық. ЖҚЖК бойынша барлығы 340 жұмыс орны құрылады. Бүгінгі күні 149 адам жұмысқа тартылды, оның ішінде 85 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырылды.

Аудан орталығында, Нұра кентінде алты жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Ең маңыздысы – бассейн құрылысы.

Бұл екі жылдық жоба. Екі бассейн болады – балалар мен ересектерге арналған. Ғимараттың екінші қабатында жаттығу залын жабдықтаймыз. Ғимараттың алдындағы аумақта ландшафтық дизайн жасаймыз. Бассейн стадион мен ДСО жанында болады. Барлық спорт нысандары жанында болғандықтан, біз ауыл тұрғындарының демалуы үшін шағын саябақ жасауды шештік, - деді аудан әкімі.

Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша жолдарды, жалпы білім беретін мектептерді, "Алтын дән" балабақшасына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, көшелерді жарықтандыру жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, Нұра ауданының басқа елді мекендері мен әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысандардың жолдарын қайта жаңарту және жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Шахтерское ауылында төрт жоба жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, ауыл ішіндегі жолдарды ретке келтіру, жарықтандыру тіректерін орнату, шағын орталық пен мектепті жөндеу жоспарда бар.

Қайнар ауылында екі жобаға 350 млн теңге қарастырылған - бұл ауыл ішіндегі жолдарды ағымдағы жөндеу және көшелерді жарықтандыру.

Сонымен қатар, ЖҚЖК бойынша ауданда тағы үш білім беру нысаны жөнделеді. Аудандық маңызы бар автожол учаскесі - Көбетей ауылына кіреберісте орташа жөндеу қарастырылған. Сондай-ақ, ұзындығы 3,5 шақырым болатын ауданның су құбыры желілерін жөндеу және Қарой ауылындағы су құбырының құрылысы жүргізіледі, - деді Аян Шалмағанбетов.

Ауданда "Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы бойынша екі жоба жүзеге асырылуда.

Баршино ауылында аурухана күрделі жөндеуден өтеді. Жөндеу жұмыстарына шілдеде кіріседі, ал қыркүйекте аяқтауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, ауылішілік жолдың 1,5 шақырымына орташа жөндеу жүргізіледі.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы