Елордалық 600-ден астам маман Арыста жөндеу жұмыстарымен айналысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Арыс қаласының 659 нысанын қалпына келтіруді елорда қамтамасыз ететін болады.Астаналық бригадалармен жүргізіліп жатқан зардап шеккен қала инфрақұрылымының жөндеу-құрылыс жұмыстарының барысы туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов айтты.

Мәселен, Нұр-Сұлтан үшін жалпы көлемі 98 га Арыс 9 секторы бекітілген.

Елордалық әкімдік 659 нысанды, оның ішінде 600 жеке және 59 көппәтерлі тұрғын үйді қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.

Жұмысқа 32 құрылыс компаниясы, 600-ден астам адам мен 23 арнайы техника жұмылдырылды.

«Нысандардың жалпы санынан 36 жеке тұрғын үй мен 7 көппәтерлі тұрғын үй толық қираған . Олар үшін жаңа құрылыс қажет. Барлық нысандар бойынша ақау актілері мен сметалық есептеулер жасалды. Барлық жұмыстарды жүргізуге арналған шығын сомасы 4,7 млрд.теңгені құрайды. Шығындардың 50 % - ын Үкімет резерві есебінен жабу көзделіп отыр», - деді Н. Нұркенов.

Жалпы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын тамыз айының басында аяқтау көзделіп отыр. Қираған нысандарды бұзу осы аптада аяқталады, одан кейін жаңа үйлерді салу басталады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы