Нұр-Сұлтандағы автопарк басшылары қоғамдық көлік проблемарын атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Алтай Көлгінов қалалық автопарктердің басшыларымен кездесті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Тасымалдаушылар негізгі проблемаларға тоқталып өтті. Олар: өндірістік база, жүргізушілер мен автобустардың тапшылығы және т.б.«Қазір электрондық билеттерді адамдардың 94% пайдаланады. Орташа күнделікті сапар саны-663 мың. Жаңа жүйе есебінен компаниялардың табысы артты, бірақ билетсіздердің саны да өсті", - деді автопарк өкілдері.
Жолаушыларды тасымалдауға ыңғайлы болу үшін автобус парктері орташа есеппен 70% - ға жаңартылды, жүргізушілер штат жұмысшылары қатарына ауысып, тұрақты табыс табуда. Қала әкімі тұрғын үй массивтерін аралау кезінде, адамдардың маршрут жетіспеушілігіне, жүргізушілердің дөрекілігіне және аялдамалардың жеткіліксіз екендігіне шағымданғанын айтты.
«Қалада жыл сайын адамдар мен көлік саны өсуде. Біз тұрғын үй массивтерінің жартысынан көбін араладық. Әлі де автобустар қажет. Оқу жылының басталуына орай, қосымша маршруттарды бөліп, аралықты қысқарту қажет. Қажет болған жағдайда-қосымша аялдамаларды, әсіресе жылы аялдамаларды орнату керек. Биылғы жылы қоғамдық сервис қызметінің сапасына 21 мыңнан астам шағым түсті! Өткен жылмен салыстырсақ бұл көрсеткіш екі есе көп. Осыған назар аударып, міндетті түрде жағдайды түзету қажет. Қоғамдық көліктің қолданушылары үшін барлық қолайлы жағдайды жасау қажет.", - деді А. Көлгінов.
Сондай-ақ, қала әкімі цифрландыруды да пайдалану қажеттігін атап өтті. Мәселен, қоғамдық көліктің қатысуымен болған ЖКО саны 46% - ға азайды. 3 жаңа маршрут іске қосылды. Жыл соңына дейін 100 электравтобус сатып алынады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада өткен білім саласындағы бос орындар жәрмеңкесінде 300-ден астам адам жұмыс тапты
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы