Нұр-Сұлтанда веломаусымның қашан ашылатыны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 13 мамырда қалалық велопрокат қызметі іске қосылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Сонымен, тұрғындарға 50 велобекет пен 200 велосипед қолжетімді болады.

Биыл жоба үш кезеңде жүзеге асырылады. Маусым айында велопрокат желісі үш есеге артады – жалпы саны 155 пункт іске қосылып, елорда тұрғындары мен қонақтарына 700 велосипед қолжетімді болады.

Жобаның мақсаты – автокөлік пен қоғамдық көлікке балама ретінде елорда тұрғындарына қозғалыс үшін қолжетімді көлік ұсыну. Велобайктерді брендтеуде негізгі басымдық түстерге берілген. Ашық-жасыл түс – City Transportation Systems компаниясының брендін, көгілдір түс – Нұр-Сұлтан және Astanabike логотипінің брендін көрсетеді.

Сондай-ақ велосипедтерде ашық көк, көк шеңберлер мен нүктелерді көруге болады. Жалға беру қызметін жүйеге тіркелгеннен кейін пайдалануға болады. Ол үшін www.velobike.kz сайтына кіріп, жария шарттың талаптарымен танысу және өзінің келісімін растау қажет. Қызметті 16 жасқа толған тұлғалар тұтына алады.

Велопрокатқа арналған абонементтерді www.velobike.kz сайтында және City Transportation Systems кассаларында 13 мамырдан бастап сатып алуға болады. Велопрокат жүйесі 24/7 қол жетімді.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы