Нұр-Сұлтанда "Теңге тәуелсіздік символы" көрмесі өтуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада ұлттық валюта және қаржыгерлер күніне арналған "Теңге тәуелсіздік символы" атты көрме өтіп жатыр. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.


Көрменің мақсаты – архивте сақталған құжаттар негізінде елорда тұрғындары мен қонақтарын қазақстандық банктер институтының тарихымен және даму кезеңдерімен таныстыру, Тәуелсіз Қазақстанның символының бірі – теңгенің пайда болу тарихын зерттеу арқылы патриотизмге тәрбиелеу, ой-өрісін кеңейту.

Көрмеде жұрт назарына 1923-1937 жылдардағы мемлекеттік жинақ кассасының жұмысына қатысты архивтік материалдар, ұлттық валютаны қолданысқа енгізу, алғашқы банкноттардың, монеталардың дизайнын әзірлеу және өткен 26 жылда теңгенің өзі қалай өзгергені туралы архивтік материалдар қойылды.

Сонымен қатар нумизмат-антиквар – Рашит Абдразаков пен Арсен Сексенбаевтың жеке коллекциясынан небильзер мен күмістен жасалған монеталардың бірегей коллекциясы, банкноттар мен экспонаттар, алтыннан жасалған кәдесый мерейтойлық банкноттар, 1898 жылғы сирек патша бондары, 1909 жылғы Коншиннің қолы қойылған мемлекеттік кредиттік билеттер ұсынылды. 

Айта кетейік, көрме 15 қарашаға дейін өз жалғасын табады. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы