Нұр-Сұлтанда тасқынға қарсы сақтық шаралары күшейтіліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада су тасқынына қарсы шаралар күшейтілді. Комиссия қала аумағында су басу қаупі бар 30-дан астам учаскелерді анықтады. Көктемгі су басу қаупінің алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ арықтарды, нөсерлік кәріз жүйелерін тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұдан басқа, Есіл өзенінің арнасын (Ш.Бейсекова көшесіндегі көпірге дейін аудан) кеңейту жұмыстары аяқталды. Арнаны қайта жаңарту, су реттейтін бөгет салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Су тасқынына қарсы іс-шараларды күшейту қажет. Елді мекендерге баса назар аударуымыз керек. Жеке сектор тұрғындарына үйлерінің шатырларын және іргелес аумақтарын қардан уақытылы тазалау туралы хабарлама беріліп жатыр. Тұрғындар ауласындағы қарды жол жиегіне шығарып жинаған кезде ғана коммуналдық қызметтер алып кете алады. Елді мекендер ерекше бақылауда: Ильинка елді мекенінде дамба нығайтылды, ал Көктал-1 елді мекенінде уақытша жер үйінділері салынды. Өндіріс елді мекенінде өзен арнасын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, бұл өзен суының кедергісіз өтуін қамтамасыз етеді, – деді қала әкімі Алтай Көлгінов.
Қала мен шеткері аймақтарды су тасқынынан қорғайтын контрегулятордың жұмыс режимі бекітілді. Көктемгі су тасқынын қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету мақсатында Майбалық көлінен "Нұра-Есіл" каналына дейін жұмыс істеп тұрған арнаның өткізу қабілеті арттырылады.

Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде қар тазалау жұмыстарын атқарып жатыр. Бүгінде қала аумағынан 4 млн. 600 мың текше метр қар шығарылды. Өткен қыста шығарылған қар көлемі екі есе аз болды. Былтыр тек 1 млн. 900 мың текше метр қар шығарылды.

"Қазгидромет" РМК гидрометеорологиялық орталығының директоры Марина Шмидт атап өткендей, "былтыр қыста жауған қардың көлемі – 102 мм болса, биыл қыста қараша мен ақпан аралығында жауған қар көлемі 173 мм болып отыр. Бұл шамамен екі есе нормадан жоғары" (бір айдың нормасы -15 мм болса, 15 күнде 34 мм қар жауды).
Осы қыста 4 рет боран болды. Бұл коммуналдық қызметкерлердің жұмысын едәуір қиындатты. Сәрсенбі күні жаңбыр жауса, бейсенбі күні қар күтілуде. Бейсенбіде жауын-шашын мөлшері көп болады, нормадан жоғары. Екпінді жел күтіледі, – деді Марина Шмидт.
Су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге қатысты барлық мәселелер бойынша тұрғындар мына телефондар арқылы хабарласа алады: 

"Сарыарқа" ауданы:8-778-710-91-00, "Байқоңыр" ауданы:8-702-348-82-88, 8-701-999-22-89, "Алматы" ауданы:8-707-795-13-88.

Железнодорожный, Промышленный елді мекендері: 8-778-669-97-70, қосымша тел. 8-707-878-11-31, 8-701-407-80-52.

Мичурино, Күйгенжар, Интернациональный: 8-707-588-72-27, қосымша тел. 8-701-715-62-30. Оңтүстік-Шығыс шағын ауданы бойынша:8-702-4444-52-99, қосымша тел. 8-702-905-59-95, 8-777-077-77-89. "Есіл" ауданы: 8-701-121-25-35 ("Пригородный", "Заречный", "Тельмано"),8-778-176-31-11("Үркер", "Восточная Ильинка").

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы