Нұр-Сұлтанда оқушы сыныптасына пышақ салып алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10-сынып оқушылары мектеп ауласында сөзге келіп қалған.

Төбелес басталған кезде жасөспірімнің бірі пышақ алып шығып, екіншісін жарақаттаған. Сонымен қатар, өзінің де қолын кесіп алған, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Құқық қорғау органының қызметкерлері бұл оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабаның 3-бөлімі ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. 

Елордалық Денсаулық сақтау басқармасында оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлерінің барғанын растап отыр. 

Жарақат алған оқушы ауруханаға жатпай, күндізгі бөлімде ем қабылдап жатыр. 

Естеріңізге сала кетсек, осындай жағдай Арыс қаласында да болған еді. Онда да 10-сынып оқушылары төбелесіп, бірі пышақ жарақатын алып, көп қан жоғалтып, ауруханаға түскен еді. Пышақ салған бала уақытша ұстау изоляторына қамалған.
 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы