Нұр-Сұлтанда мұқтаж жандарды баспанамен қамтуға 112 млрд теңге бөлінеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық тұрғын үйге зәру отбасылардың қажеттілігін өтеу мақсатында алдағы 5 жыл көлемінде 112 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
«Қалалық әкімдік есебінде баспанаға мұқтаж 47 мың адам бар, оның 24 мыңы әлеуметтік осал топқа жататын азамат. Олардың 2019-2023 жылдар аралығында баспанамен қамтамасыз ету мақсатындағы кешенді бағдарлама аясында 112,8 млрд теңге бөлу қарастырылуда», - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.
Министр орынбасарының сөзінше, биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында сатып алымсыз жалға берілетін пәтермен 2085 елордалық отбасы қамтамасыз етіледі.
«Оның ішінде 616 – көпбалалы отбасы, 1050 – жас және 419 – әлеуметтік осал топқа жататын отбасы кіреді», - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандықтар Таиландта өткен Азия кубогінде топ жарды
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы