Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 7 адам туралы не білеміз?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова 19 наурыз күні анықталған 7 науқас жайлы айтты.

Соңғы жеті адамның коронавирус жұқтырғаны 19 наурызда анықталды. Олардың біреуі 18 наурызда инфекция жұқтырған науқаспен байланыста болған адам ретінде стационарға түскен. Сосын 19 наурызда одан да инфекция табылды.Тағы алты адам да жұқтырғандар байланыста болған. Ауруханаға жатқызу үшеуінде тамақтың жыбырлауы, құрғақ жөтел сынды белгілер байқалды. Субфебрильді дене қызуы болған. Қазіргі уақытта барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы тұрақтанды. Оларды дәрімен емдеу диагностикалау мен емдеудің клиникалыө хаттамасына сәйкес жүргізілуде, - деді Сәуле Қисықова.

Оның айтуынша, соңғы жеті науқаспен байланыста болғандар анықталған.
Олардың жақын араласқан және отбасы мүшелері анықталып 30 адам ауруханаға жатқызылды. Ықтимал байланысы бар адамдар үй карантиніне орналастырылды. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тіркелген барлық 25 жағдай бойынша жақын байланыста болған 244 адам Нұр-Сұлтан мен өзге өңірлердегі ауруханаларға жатқызылды. 327 адам үй карантинінде жатыр, оларға күн сайын медициналық мамандар хабарласып отырады, - деді басқарма басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы