Нұр-Сұлтанда конькимен жүгіруден әлем кубогі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 желтоқсанда елордада конькимен жүгіру спортынан әлем кубогі кезеңі басталады. Нұр-Сұлтанға әлемнің 26 мемлекетінен 200-ден астам спортшы келеді.
Олардың қатарында үш дүркін Олимпиада чемпионы Мартина Сабликова (Чехия), Олимпиада ойындарының жүлдегері Ольга Фаткулина (Ресей), Олимпиада чемпионы және жүлдегері Йоррит Бергсма (Голландия) және басқа да жұлдыздар бар.
Қазақстанды аталған жарыста жаңа жаттықтырушы – Дмитрий Бабенко бастаған жаңартылған құрам таныстырады. Олардың қатарында 2013 жылғы әлем чемпионы Денис Кузин, жасөспірімдер арасында жеңімпаздар Екатерина Айдова және Роман Креч, сонымен қатар, болашағынан үлкен үміт күттіретін – Станислав Палкин, Дмитрий Морозов, Артем Крикуновтар бар. Ұлттық құрама аталған кезеңге әрбір қашықтық бойынша бес спортшы қоя алады. Бұл жаттықтырушы құрамына ұлттық құрамадағы спортшыларды процесске қосуға мүмкіндік береді, - делінген ақпаратта.Жарыс 6-8 желтоқсан аралығында "Алау" мұз сарайында өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы