Нұр-Сұлтанда карантинге алынған аумаққа дезинфекция жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 200-ден астам адам Абылай хан - Рысқұлбеков - Мүсірепов - Мұстафин көшелерінің қиылысында карантинге қоршауға алынған аумақта ауқымды дезинфекция жұмыстарын жүргізді.
Дезинфекция жұмыстарына әскери қызметшілер қатысты. Карантиндік аумақ толығымен қамтылды, дезинфекция жұмыстары жалғасады.Аумақта орналасқан 9 үй карантинге жабылды: Мүсірепов көшесі 4, 7, 7/1, Рысқұлбеков көшесі 4/1, 4/3, 16/1, 8а, Мұстафин көшесі 21, 21/5. Бұл үйлердің тұрғындарына жақын маңдағы азық-түлік дүкендеріне шығуға ғана болады. Қалған жағдайларда үйден шығуға қатаң тыйым салынады.
Дәрі-дәрмектерді тек тапсырыспен алуға болады. Периметр бойынша қоршау белгілері орнатылды, полиция кезекшілік атқарып жатыр. Елордада дезинфекция жұмыстары күн сайын жүргізілуде. 2800-ден астам тұрғын үй үшінші рет дезинфекциядан өтіп жатыр.
Күн сайын өңдеу жұмыстарына шамамен 500 адам шығады. Дезинфекциялық ерітінділермен қаланың барлық базарлары, медициналық мекемелері, сауда орталықтары, супермаркеттер, өткізу-бақылау бекеттері және басқа да адам көп жиналатын орындар өңделуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Індет жұқтырғандар саны 1400-ден асты
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы