Нұр-Сұлтанда Израиль елшілігі қоршауға алынды
Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері Тель-Авивтен жеткізілген күмәнді затқа байланысты Израиль елшілігін қоршауға алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бүгін, 2 қыркүйекте 102 нөміріне Израиль елшілігінен пошта бойынша күмәнді екі қап жеткізілгені туралы хабар түсті. Заттар Тель-Авив қаласынан Алматы арқылы жеткізілгені белгілі болды. Оның салмағы 7 келіден асады, - делінген қалалық полиция департаменті таратқан хабарламада.
Оқиға орнына шұғыл жеткен тәртіп сақшылары "Азия" бизнес орталығын қоршауға алған. Мұнда Израиль елшілігі орналасқан.
Оқиға орнына полиция департаментінің жедел-тергеу тобы, кинологтар мен шұғыл қызмет көрсететін мамандар келді. Тексеру барысында полиция қызметкерлері қаптардан қауіпті заттарды тапқан жоқ. Онда жеке заттар болған, - делінген хабарлама.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы