Нұр-Сұлтанда Емдеу-диагностикалық орталық ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы №2 көпбейінді қалалық аурухана базасында Есіл ауданының жүкті әйелдері мен тұрғындарына арналған Емдеу-диагностикалық орталығы ашылды.

Елордада Емдеу-диагностикалық орталығын ашудың мақсаты – перинаталдық және нәрестелік аурулар мен өлім-жітімді азайту.

«Бұл орталықта жоғары санатты дәрігерлер қызмет көрсетіп, кабинеттер барлық заманауи талаптарға сай жабдықталған. Әйелдер бір бөлмеде дәрігерге қаралып, диагностикалаудан өте алады және қажет болған жағдайда күндізгі стадионарда емделу қарастырылған», - дейді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мағрипа Хамитқызы.

Аталған орталықта жыныстан тыс дерті бойынша жоғары қауіп-қатерлі топтағы жүкті әйелдердің барлығы, жүктілікті жүргізу мен босану жоспарымен көп тәртіптік комиссияның қорытындысымен, сондай-ақ көрсеткіштер бойынша зерттеудің қосымша әдістері бойынша салалық, кәсіби мамандардан кеңестер ала алады.

Гинеколог, акушер-гинеколог, генетик, кардиолог, невропотолог, терапевт, пульмонолог, аммолог, ревматолог, эндокринолог, нефролог, уролог, хирург, травматолог, жақ-бет сүйегі хирургы, гастроэнтеролог дәрігерлері қабылдау жүргізеді.

Болашақ аналар өз ісінің шеберлеріне толық сенім білдіре алады. Жүктілікті жүргізу жөніндегі бағдарламаға жүктіліктің ерте кезеңіндегі сараптық тобының УЗД, нәрестенің түрлі дерттерін анықтайтын екінші және үшінші кезеңінің шолуы, зертханалық диагностиканың барлық түрлері кіреді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы