Нұр-Сұлтанда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада дезинфекциялық жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Адам көп жиналатын орындарға: саябақтарды, тынымбақтарды, бульварларды дезинфекциялауға ерекше көңіл бөлінеді.

Дезинфекциялау жұмыстары жаяу тәртіпте де, арнайы машиналардың көмегімен де жүргізіліп жатыр. 

Сондай-ақ, сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, базарлардың басшылары санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес өз аумағында дезинфекция жүргізуі тиіс. Қалада барлығы 20 миллион шаршы метрден астам аумақ дезинфекцияланды.

Естеріңізге сала кетейік, 5 шілдеден бастап мемлекеттік комиссияның шешімімен эпидемиялық ахуалды тұрақтандыру үшін екі аптаға шектеу шаралары енгізілді. Қала тұрғындары санитарлық нормаларды қатаң сақтау керек. Маска тағып, антисептиктер қолданып, әлеуметтік қашықтықты сақтаған жөн.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы