Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эпидемиялық жағдайдың күрделенуі және коронавирус инфекциясының көбеюіне байланысты демалыс күндері (21-22 маусымда) елордада қоғамдық көлік жүрмейді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Автобустарға дезинфекция жасалады. Қоғамдық көлік қалыптасқан режимге 22 маусымда дүйсенбі күні оралады.Бұдан бөлек барлық қоғамдық орындар: саябақтар, гүлзарлар, жағалаулар, жағажайлар және т.б. халық көп жиналатын жерлер жабылады. Қорғаныс министрлігінің күшімен адам көп жүретін орындарда (саябақтар, гүлзарлар және т.б.) ауқымды дезинфекция жұмыстары жүргізіледі, - делінген ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы