Нұр-Сұлтанда бірнеше көше біріктіріліп, Әл-Фараби даңғылы болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешімі шықты, деп хабарлайды Елорда Инфо.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласы Ономастика комиссиясының 2019 жылғы 3 қазандағы және 2019 жылғы 14 қарашадағы қорытындыларының негізінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қаулы етеді және Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты шешті. Нұр-Сұлтан қаласының "Алматы" және "Байқоңыр" аудандары бойынша Ақжол, Вишневская және Байырқұм көшелері біріктіріліп Әл-Фараби даңғылы атауы берілсін, - делінген хабарламада.
Нұр-Сұлтан қаласының "Алматы" ауданы бойынша:
жобалық атауы А19 көшеге – Райымбек батыр көшесі;
жобалық атауы А98 көшеге – Анатолий Храпатый көшесі;
жобалық атауы №23-6 көшеге – Фазыл Кәрібжанов көшесі;
жобалық атауы №198 көшеге – Бәйдібек Қарашаұлы көшесі;
Нұр-Сұлтан қаласының "Есіл" ауданы бойынша:
жобалық атауы №28 көшеге – Әбіш Кекілбайұлы көшесі;
жобалық атауы №29 көшеге – Фариза Оңғарсынова көшесі;
жобалық атауы Е356 көшеге – Қасым Қайсенов көшесі;
жобалық атауы Е246 көшеге – Мақсұт Нәрікбаев көшесі;
жобалық атауы Е49 көшеге – Әбікен Бектұров көшесі;
жобалық атауы №Е51көшеге – Төле би көшесі;
жобалық атауы №Е102 көшеге – Қазыбек би көшесі;
жобалық атауы №Е32 көшеге – Әйтеке би көшесі;
Нұр-Сұлтан қаласының "Сарыарқа" ауданы бойынша:
жобалық атауы №167 көшеге – Қараменде Шақаұлы көшесі атауы берілсін.
Нұр-Сұлтан қаласының "Алматы" ауданы бойынша:
Сарыкөл көшесі жобалық атауы № 23-8 көшесімен біріктіріліп, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі;
Нұр-Сұлтан қаласының "Байқоңыр" ауданы бойынша:
Абай даңғылы мен Әлмұқан Сембинов көшелерінің қиылысында орналасқан атаусыз аллеяға "Қаламгерлер аллеясы".
Нұр-Сұлтан қаласының "Есіл" ауданы бойынша:
"Арай" саябағы – "Жетісу" саябағы деп қайта аталсын.