Нұр-Сұлтанда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жәрмеңке Сауран 7, «Nova City» ТК және Жағалау шағын ауданы (Сығанақ-Ш.Айтматов) мекен-жайларында әр апта сайын сенбі, жексенбі күндері 8:00-ден 18:00-ге дейін өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жәрмеңкеде өнімдердің әр түрлі ассортименті ұсынылады. Шұжықтар, қышқыл сүт және сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер, азық-түлік өнімдері. Жаңа оқу жылының қарсаңында, азаматтардың ыңғайлығы үшін, тамыз айының соңына дейін аталған қалалық жәрмеңкелерде және сауда орталықтарында мектеп жәрмеңкелері ұйымдастырылады. Жәрмеңкеге «Алтын Адам» тігін фабрикасы, «Elish» тігін цехі және балаларға арналған журнал «Айтшы әжетай» атты отандық өндірушілер қатысады. Сонымен қатар Орталық базарда 1 тамыздан бері Мектеп жәрмеңкесі өтіп жатқанын хабарлаймыз. Онда тауарлар өндірушілер бағасымен сатылуда.Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада құтқару тыныс аппараттарын шығаратын зауыт ашылды
Өзгелердің жаңалығы