Нұр-Сұлтанда қауіпті тұрғын үй кешендері жөнделе бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құлаған плитка, жанатын қаптама, апаттық жағдайдағы жеделсатылар – Нұр-Сұлтанда көппәтерлі тұрғын үй кешендерін жөндеу жұмысы басталды.
Бұған дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов "Орбита" және "Территория комфорта" ТК тұрғындарымен кездесуінде үйлердің жөндеуіне қатысты мәселе көтерілген болатын.
Аталған тұғын үй кешендерін жөндеу басталды. ТК тұрғындары жел тұрса далаға шығуға қорқатындарын айтқан. "балалардың басына плитка құлап кетеді деп қауіптеніп, далаға шығармаймыз. Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі жүйесі де жоқ, қорқынышпен өмір сүрудеміз. Өзіміздің ТК плитка құлап кетеді деп қорықпай өмір сүргіміз келеді".
Биыл ауқымды жұмыс атқарылады, ТК қаптамасы тұрғындарға қауіп төндірмеуі тиіс. "Орбита" және "Территория комфорта" тұрғын үй кешендерінің салынғанына көп болмаса да, жел тұрған сайын плиткасы құлай бастайды, витраждары дұрыс орнатылмаған және т.б. Қазір жөндеу басталды: қаптамасын ауыстырып, витраждарды қайта монтаждаймыз, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі жүйесі мен жылыту жүйесін жөндеп, басқа да мәселелерді шешетін боламыз, – деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша биыл 50-ден астам көппәтерлі тұрғын үй кешені, 100-ден аса жеделсаты жөнделеді және жаңасына ауыстырылады. Бұдан бөлек, 2020 жылы 800 отбасы апаттық ескі үйден жаңа пәтерге көшіріледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл "Ауыл – ел бесігі" жобасын қаржыландыру 3 есеге өсті
Өзгелердің жаңалығы