Нұр-Сұлтанда анасы мен баласын көлік қағып, қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, елордада «Тойота» көлігін мінген жүргізуші анасы мен баласын соққан.
8 қыркүйекте Абай даңғылының бойында жол апаты болған. Бейсекбаев көшесінен Брусиловский көшесіне қарай Абай даңғылының бойымен бара жатқан «Тойота» көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, қасында 3-4 жасар баласымен жаяу бара жатқан әйелді қағып, жер үйдің қақпасына соғады.
Салдарынан бала оқиға орнында қайтыс болады, ал әйел ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіледі, бірақ ес жимастан жан тапсырған.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Көлік иесі Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің уақытша қамау изоляторына жеткізілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы