Нұр-Сұлтанда ақылы автотұрақ жұмысы қайта жанданады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда 11 мамырдан бастап ақылы автотұрақ жұмысын қайта жандандырды, деп хабарлайды "Астананың тұрақ кеңістігі" ЖШС баспасөз қызметі. 


Айта кеткен жөн, Нұр-Сұлтанда ақылы тұрақтар  20 наурыз күні төтенше жағдайға байланысты тоқтатылған болатын. 
 

Тұрақтарда паркоматтар антисептикалық құралдармен өңделіп отырады. Көлік қою үшін паркоматқа тиын салатын кезде медициналық қолғаптарды пайдаланған дұрыс, - делінген баспасөз парағында. 


Ақылы автотұрақтардың жұмыс тәртібі: жұмыс күндері 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Демалыс және мереке күндері автотұрақтар тегін. Ақылы автотұрақта құны-сағатына 100 теңгені құрайды. Тұраққа көлік қойылған сәттен бастап 30 минут ішінде тұрақ ақысы төленуі қажет. Төлемдер мен айыппұлдардан түскен ақша қаражаты жол-көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі қалалық бағдарламаларды қаржыландыру үшін қала бюджетіне түседі.

Елордада Нұржол гүлзарында 487 тұрақ орны пайдалануға берілді. "Есіл" және "Сарыарқа"аудандарында тағы 3 381 тұрақ орны іске қосылды.
Ақылы автотұрақтартар Бөгенбай батыр, Сарыарқа, Республика даңғылының және Есіл өзенінің жағасында пайда болады. 

"Есіл" ауданында, Сарайшық, Сығанақ көшелерінің, Тұран және Маңгілік Ел даңғылы алаңында тұрақ аймақтары орналасқан. Автотұрақ аймақтарын пайдалануға беру актілері Нұр-Сұлтан қаласының көлік басқармасына жіберілді.
 

Жоғарыда аталған аудандардағы тұрақ аймақтары тестілік режимде жұмыс істеп тұрған кезде, айыппұлдар қойылмайды. Тест кезеңі жүргізушілерді жаңа инфрақұрылым жұмысының принциптерімен таныстыруға арналған. Елорда тұрғындары  astanapark.kz  сайты және "Астана тұрағы" мобильдік қосымшасы арқылы  ақылы автотұрақтардың орналасуы туралы алдын -ала біліп, әртүрлі төлем тәсілдерін тексере алады, - делінген хабарламада.
 



 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы