Нұр-Сұлтанда 9 ай ішінде 539 мүгедек жұмысқа орналасты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалықтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің 2019 жылға арналған кешенді жоспары аясында 610 мүмкіндігі шектеулі азаматты жұмысқа орналастыру және әлеуметтік бейімдеу шараларын күшейту көзделген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы хабарлады. 

Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жұмыссыздыққа байланысты әлеуметтік қорғау шараларымен 539 мүмкіндігі шектеулі адам қамтылды, оның ішінде жұмысқа орналасқаны – 507 адам (тұрақты жұмысқа орналасқаны – 217 адам, уақытша жұмысқа – 3 адам, жастар практикасына – 16 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 29 адам және  ақылы қоғамдық жұмыстарға – 242 адам).

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 32 адам  жіберілді. Олар негізінен тігінші, дәнекерлеуші, анимация және видеографика және аспаз мамандықтарын таңдаған.

Қысқа мерзімді оқуды аяқтаған мүмкіндігі шектеулі тұлғалар есебінен 2 бағдарламаға қатысушыға 100 АЕК (252 500 теңге) мөлшерінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант берілді.

Жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында үнемі бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Есеп беру кезеңіне «Жастар» сарайында 6 қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі және жұмыспен қамту орталығы базасында жұмыссыз азаматтарға арналған 14 шағын жәрмеңке өткізілді. Оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде тіркелген, мүгедектерді жұмысқа орналастыру, қаланың білім беру жүйесі бар кадрларды іріктеу үшін және т.б.

Мүгедектерді жұмысқа орналастырудың негізгі түрі жұмыс орындарын квоталау болып саналады. «Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қарашадағы №158-2247 қаулысымен жұмыс берушінің штаттық санына байланысты ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарына есепке алмай, 2 ден 4 пайызға дейін мөлшерінде қаланың жұмыс берушілеріне квота белгіленген. Квоталауға меншік түріне қарамастан барлық ұйым жатады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы