Нұр-Сұлтанда 5 науқас жасанды тыныс алу аппаратына тіркелген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлімдеді.
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында коронавирустық инфекцияның қазіргі жағдайы, қаладағы кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын қалпына келтіру жөніндегі шараларға қатысты онлайн брифинг өтті. Брифингке Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қатысып, қаладағы бүгінгі жағдаймен бөлісті.Мемлекет басшысы кешегі мәлімдемесінде қауіпті індет шеңгелінен құтылу бәрімізге ортақ міндет екенін айтты. Бұл ретте төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссия вирустық таралуды қатаң бақылауда ұстап отырған қалалардағы карантин талаптарын жеңілдетіп, жұмысын қайта бастайтын бірқатар ұйымның тізімін жариялады. Қалада коронавирус инфекциясының 599 жағдайы тіркелген. 9% өсім бар. 332 науқас стационарларда ем қабылдауда, 214 адам емделіп шықты. Үйдегі карантинде 2576 адам бар. Өкінішке қарай, Нұр-Сұлтанда вирустан 3 адам қаза тапты. 9 сәуірден бастап жаппай экспресс тестілеу жүргізу басталды, оны 15 528 адам тапсырды. Қазіргі таңда 10 науқастың жағдайы тұрақты ауыр халде, оның ішінде 5 науқас жасанды тыныс алу аппаратына тіркелген. Бүгінде 29 680 лабораториялық зерттеу жүргізіліп, 9 сәуірден бері 15 528 адам экспресс тестілеуден өтті, - деді Бақтияр Мәкен.Әкім орынбасарының айтуынша, қалада жаппай дезинфекциялау шаралары да жалғасып жатыр. 2832 тұрғын үй кешені мен 1600-ден астам аулада залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген. Бұл жұмыстар екінші мәрте қайталануда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нысандарға берілетін құрылғылар жіті қадағалаудан өтуі керек
Келесі жаңалық
Алматыда жыл соңына дейін 16 жатақхана пайдалануға беріледі
Өзгелердің жаңалығы