Нұр-Сұлтанда 47 ойын терминалының иесі сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті елорда тұрғынына қатысты заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іске тергеу жүргізді.Күдікті аса ірі көлемде пайда табу мақсатымен бір топ тұлғамен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласының аумағында 47 ойын терминалын қолданып, заңсыз ойын бизнесін жүргізген, - делінген хабарламада.Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 сотының үкімімен елорда тұрғыны ҚР ҚК 307-б. 2-б. 2-тармағына сәйкес айыпты болып танылды. Ол 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
35 жастағы алматылық алғашқы құжатына қол жеткізді
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы