Нұр-Сұлтанда 45 462 азаматтың әлеуметтік мәртебесі анықталмаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 23 млрд теңге жиналды, деп хабарлайды 24.kz. 

Бұл – тек Нұр-Сұлтан қаласына қатысты дерек. Бүгін міндетті сақтандыруды енгізу мәселелері елордада өткен өңірлік штаб отырысында талқыланды.

Бас қала бұл көрсеткіш бойынша Алматыдан кейін екінші орында тұр. Десе де бұл мәселеде әлі де шешімін таппаған сұрақтар жетерлік.

Атап айтқанда, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ақсап тұр. Қала тұрғындарының дені бұл жүйеден хабарсыз. Енді осы мәселені және өзін-өзі еңбекпен қамтыған азаматтардың қорға жарна төлеуін жыл соңына дейін реттеу қажет. 

"Бүгінде қолда бар статистика көңіл көншітпейді. Қазіргі уақытта 45 462 азаматтың әлеуметтік мәртебесі анықталмаған. Біз әр ауланы аралап, халық арасында сауалнама жүргіздік. Сол кезде 10 768 адам өздерінің жеке мәліметтерін беруден бас тартты. Енді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл кісілерді астаналықтар қатарынан алып тастауы мүмкін", - деді Нұр-Сұлтан қаласы әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Бақтияр Ғарифуллин.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы