Нұр-Сұлтанда 1100 автокөлік ТЖ ережесін бұзған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирус індетінің таралмауы үшін жасалып жатқан іс-шаралар туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен онлайн баспасөз конференцияда атап өтті.

Өздеріңіз білетіндей елордада төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап індеттің таралуын тоқтату үшін арнайы жедел штаб құрылғандығын білесіздер. Штабта блок-бекеттерге мониторинг жасау үшін бейнекамералар орналастырылды. Сонымен қатар, қаладағы  мән-жайды біліп отыру үшін 15 мың камерадан тұратын қалалық бейнебақылау жүйесі қосылған. Жолдарда 26 мобильді бекеттер қойылған. Карантинді бұзғаны үшін 3 мың қала тұрғыны жазаға тартылды. 1100 автокөлік төтенше жағдай кезінде ережені бұзғаны үшін көлік тұрақтарына жеткізілген, - деді спикер. 
Сонымен қатар, жедел штаб жұмысына шақыртылған әскери міндеттілер туралы да айтыпды. 
Жедел штаб жұмысына блок-бекетте қызмет атқаруға, қала аумағында дезинфекция жүргізуге, инфекция ошақтары анықталған объектілерді қорғауға әскери міндеттілер тартылды. Басында 100 әскери міндеттілер шақыртылған. Қосымша тағы  50 әскерилерді шақыру жоспарланып отыр, - деді Бақтияр Мәкен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы