Нұр-Сұлтан мен Шымкентте ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін еліміздің екі қаласында жағымсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.
"Қазгидромет" РМК-дан хабарлағандай, сәрсенбі күні атмосфералық ауа сапасы Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында нашарлайды. Синоптиктердің деректеріне қарағанда, Актөбе, Алматы, Балқаш, Қарағанды, Тараз, Теміртау, Өскеменде ауаның ластануы күтілмейді.Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сәрсенбіде көктайғақ, тұман, жел болады
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы