Нұр-Сұлтан мен Шымкент қаласы рейтингте соңғы орында қалды - Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін онлайн Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин "Қарапайым заттар экономикасы" жергілікті қамтудың үлесін ұлғайту бойынша өңірлердің қайсысы үздік, қайсысы артта қалғанын айтты.
"Қарапайым заттар экономикасында" жергілікті қамтудың үлесін ұлғайтуға қол жеткізілді. Алматы, Қарағанды, Қостанай облыстары қазақстандық қамту бойынша үздік өңірлер болып отыр. Есесіне, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау облыстары, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары артта қалған. Барлық әкімдіктер, әсіресе, артта қалғандар отандық тауарлардың қолданылуын бақылау жұмыстарын күшейтуі, есептердің шынайылығын қамтамасыз етуі қажет. Құрылыс саласында да осындай нәтижеге жетуіміз керек, - деді Мамин.Ал Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне барлық талаптардың жауапкершілігін күшейту жөніндегі тиісті заңнамалық және нормативтік өзгерістерді пысықтауды тапсырды.
Кәсіпкерлік жөніндегі жобалық офистің тамыз айында болатын келесі отырысында 7 айдағы жергілікті қамту қорытындыларын қарайтын боламыз. Қаржы министрлігіне "Атамекен" палатасымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірге бір апта мерзімде отандық тауар өндірушілердің мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың сатып алуына қатысуына кедергі келтіретін барлық жүйелік тосқауылдарды жою жөніндегі іс-қимыл алгоритмін дайындауды тапсырамын. "Самұрық-Қазына" қорының сатып алуы отандық өндірістің дамуына серпін береді. Ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр, - дейді премьер-министр.
Оның айтуынша, қордың отандық өндіріс тауарларын қолдау жөніндегі нақты талаптарының және дұрыс есептіліктің арқасында жергілікті қамту үлесі жоғары деңгейге жетті (69 пайыз).
Сондай-ақ оффтейк-келісімшарттар - жаңа өндірістер құруға арналған неғұрлым пәрменді құралдардың бірі. Қазіргі таңда 22 млрд теңгеге 35 оффтейк-келісімшарт жасалған. Осы жұмысты кеңінен жалғастыру керек. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық экономика министрлігі екі ай ішінде бизнестің қарсы міндеттемелерін цифрлық бақылау жұмысын аяқтау, тиісті заңнамалық түзетулер пакетін дайындау қажет.
"Атамекен" палатасының цифрлық платформасының базасында бизнестің қарсы міндеттемелерін мониторингтеу жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу туралы премьер-министр өкімінің жобасын енгізуді тапсырамын, - деді Үкімет басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жұмысты жалғастыру қажет - Мамин
Келесі жаңалық
Жетісу облысында 3 адам өрттен құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы