Нұр-Сұлтан мен Алматыда бірқатар қызмет түрі жұмысын қайта бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұмысын қайта бастайтын кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімін бекітті.

Басты талап - карантин жағдайында қарастырылған қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтау.

Мемлекеттік комиссия бекіткен ШОБ субъектілерінің қызмет түрлері: 

 Нұр-Сұлтан қаласында:

өнеркәсіптік кәсіпорындар;
құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері;
көлік, қоймалау салаларындағы компаниялар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік компаниялар;
автосалондар, ТҚС, авто жуу, дөңгелек ауыстыру сервисі, автобөлшектер дүкендері, химиялық тазалау, кеңсе техникасын жөндеу;
екінші деңгейлі банктер сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін штат санының 50%-ын шектеумен, нотаруистер алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді;
қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы тек өзімен алып кету және жеткізу қызметімен сағат 22:00-ге дейін ұзартылды.

 Алматы қаласында:

өнеркәсіптік кәсіпорындар;
құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, құрылыс материалдарының ірі көтерме базарлары;
нотариустер алдын ала жазылу бойынша;
тек бизнеске қызмет көрсету үшін ХҚКО бір бөлімшесі (Наурызбай ауданы, Шұғыла шағын ауданы, 347/1). 
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы шұғыл штабтар кәсіпорындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің нақты тізімін, олардың қызметкерлерінің нақты санын, жұмыс уақытын және жеткізілу тәсілін анықтады,- деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы