Нұр-Сұлтан мен Алматыда бірқатар ұйымның жұмысы тоқтатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылады.
ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті.
Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы ахуал туралы әкімдер А.Көлгінов пен Б.Сағынтаев баяндады.
Мемлекеттік комиссия коронавирустық инфекцияның таралуын шектеу мақсатында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында биылғы 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысын уақытша тоқтату туралы шешімді бекітті. Толық тізім қалалардың әкімдіктерімен келісе отырып анықталады, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
G20. Путин халықаралық санкциялардан бас тартуды ұсынды
Өзгелердің жаңалығы