Нұр-Сұлтан атауын әріптестерім жылы қабылдады – балабақша әдіскері
Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшесі, Нұр-Сұлтан қаласындағы N24 «Айналайын» балабақшасының әдіскері Айкерім Сұлтанғазина Елорда атауының өзгеруіне қатысты көзқарасын білдірді.
Оның айтуынша, бұл өзгерісті әріптестері жылы қабылдаған.«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Елордаға Нұр-Сұлтан атауы ресми түрде берілгенін естігенде ұжымдастарым бір-бірін құттықтап жатты. Әрине, арасында өзім де бармын. Ел ішіндегі тыныштық, татулық, жақсы тұрмыс – барлығы Елбасының сарабдал саясатының жемісі», - дейді Айгерім Сұлтанғазина.
Ол бұл қадамды тарихи оқиғаға балап, елдігіміздің бір белгісі деп атап өтті.
«Елордамызға Тұңғыш Президенттің атын беру – елдегі елеулі оқиға екені даусыз. Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел дамуы жолында атқарған еңбегі ұшан-теңіз. Оны біз сезініп, көріп отырмыз, келер ұрпақ та білуі керек. Бұл шешім сонысымен де маңызды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегендігінің арқасында еліміз әлемдегі елу озық мемлекеттің қатарынан табылды. Елорданы Ақмолаға көшіріп, Астана атты әлемдік бренд жасаған Тұңғыш Президентімізге алғысымыз шексіз. Келбеті күн сайын құлпырған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны болғанымды мақтан тұтамын», - дейді партия белсендісі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
24 наурызда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды болады
Өзгелердің жаңалығы