Нұр-Сұлтан қаласында дәрі-дәрмектің 1 айға жеткілікті қоры бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов бүгінгі онлайн Үкімет отырысында айтты.
Оның айтуынша, дәріханалық желілердің дистрибютерлеріне логистика, дәрі-дәрмектерді сатып алу және қалаға жеткізу рәсімдерін жеңілдету мәселелері бойынша қолдау көрсетілуде. Сонымен қатар, дистрибютерлерге дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін айналым қаражаты бөлінген.
12 шілдеден бастап елордаға Түркия, Ресей, Үндістан және басқа да елдерден сұранысқа ие формакологиялық топтарға кіретін 110 тоннадан астам медициналық препараттардың 4,5 млн қаптамасы жеткізілді. Дәрі-дәрмектер дәріханалардың ірі желілеріне теңдей бөлініп, жеткізілді. Қазіргі күні шамамен 1 айға жеткілікті қор қалыптасты, - дейді Алтай Қөлгінов.Сонымен қатар, ол бір апта бұрын 3 аурухана жоспарлы медициналық көмек көрсетуді бастағанын айтты.
Кеше тағы бір стационардан соңғы тіркелген науқас КВИ-ден жазылып шықты. 3 тамыздан бастап барлық медициналық емханалар жоспарлы медициналық көмек көрсетуді бастайды. Тамыздың 15-не дейін біртіндеп босап жатқан стационралар санын қысқарту есебінен ауруханалар өз жұмысына қайта оралуын жоспарлап отырмыз. Бірақ инфекциялық және провизорлы стационарлар қажет жағдайда жеткілікті орындармен қайта ашылуға дайын болады, - деді әкім.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
3 тамыздан бастап қандай нысандардың жұмысына рұқсат бар?
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы