Нұр-Сұлтан қаласында «Бірге – таза Қазақстан!» экологиялық акциясы жалғасын табуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Бірге – таза Қазақстан!» экологиялық акциясы аясында Нұр-Сұлтан қаласының маңайын тазалау жұмыстары жүргізілді.


ҚР Экология министрі жариялаған «Бірге – таза Қазақстан!» экологиялық акциясын еліміздегі барлық өңірлер қолдап, қаланы тазалау бойынша сенбілік жұмыстарын өткізіп жатыр. Оның қатарында «Қазконтент» АҚ ұжымы да бар.



Бүгінгі сенбілік жұмыстары аясында қаладағы Нұра арнасының бойы тазаланды. 70-ке жуық адам таңғы сағат 9.00-ден бастап тазалау жұмыстарын жүргізді. Бір жарым сағат ішінде компания қызметкерлері арна маңындағы аумақты, сондай-ақ бұталардың астындағы бөтелкелер, стақандар, темекі қорапшалары сияқты қоқыстарды тазалады. Жиналған қоқыстар КамАЗ-ға тиелді.



Бұған дейін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев #Birge #TazaQazaqstan акциясын жариялаған болатын. Кейін оны Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қолдап, акцияны жалғастыруды ұсынды.

20 шілде күні «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қоянды су қоймасын тазартылып, 10 тонна қоқыс шығарылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елге сынақ – ерге сынақ
Өзгелердің жаңалығы