Нұр-Сұлтан қаласында азық-түлік қоры жеткілікті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бағаны тұрақтандыру бойынша 2 бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз: тұрақтандыру қоры құрылды, сауда желілерін жеңілдікпен несиелендіру бойынша жұмыстар жүргізілді.

"Айналым схемасы" жобасына "Magnum", "Астықжан", "Кенмарт", "Small", "Шапағат", "Евразия", "Артем", "Биг Шанхай" сияқты сауда орындары қатысады, сондай-ақ ет пен жарма бойынша жеткізушілер анықталды.

Дүрлігуге себеп жоқ ,азық - түлік жеткілікті мөлшерде бар.

Әлеуметтік нан бағасын ұстап тұру мәселесі қарастырылды: тұрақтандыру қорының ұн қоры толықтырылып, қаланың наубайханаларына қолдау көрсетіліп жатыр. Ауылшаруашылық жәрмеңкелерін өткізу бағаны ұстап тұруға және өнімді нарықтық бағадан төмен сатуға мүмкіндік береді.

Ауылшаруашылық жәрмеңкелерінің маусымы "Аспан базар" сауда үйінде басталды, жәрмеңке әр сенбі мен жексенбі күндері сәуір айына дейін өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы