Нұр-Сұлтан: 100-ге жуық машина қоқыс шығаруда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала аумағы 19 учаскеге бөлінген. Онда 2 815 контейнер алаңы мен 17 601 контейнер қойылған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қоқыс шығаруға 98 арнайы техника жұмылдырылды. "КамАЗ" маркалы 70 қоқыс тасушы көлік дымқыл қалдық жинауға арналған жасыл және металл контейнерлерге, "Ивеко" маркалы 25 қоқыс тасушы құрғақ қалдыққа арналған сары контейнерлерге, кранды манипуляторлы қондырғылармен жабдықталған 3 қоқыс тасушы тереңдетілген контейнерлерге бөлінген, - дейді қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бөлім басшысы Алмаз Советханұлы.
Нұр-Сұлтан қаласы аумағынан коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару қызметімен "CleanCity NC" ЖШС айналысады. Қоқыс шығару екі ауысымда жүзеге асады. Бірінші ауысым – таңғы 6:00-ден 14:00-ге дейін; екінші ауысым – сағат 14:00-ден 22:00-ге дейін. Қалдықтар шығарылғаннан кейін, контейнер орналасқан аумақта дезинфекциялық жұмыстары жүргізіледі. "CleanCityNC" ЖШС 55 қоқыс таситын көлік пен 8276 контейнер сатып алуға инвестиция салды.
Сондай-ақ қала аумағында 182 тереңдетілген контейнер қойылған. Оларға кранды манипуляторлы қондырғымен жабдықталған 3 қоқыс тасығыш қызмет көрсетеді. Көлемі 5 текше метр контейнердің артықшылығы – 5 стандартты контейнерді алмастыра алады. Сондай-ақ гигиеналық, эстетикалық және тиімділік жағынан тығыз құрылыс аудандарында пайдалануға ыңғайлы.Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы