Нұр-Cұлтанда АҚИҰ болашағы талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев пен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ) бас директоры Ерлан Байдәулетпен кездесті.
Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Кездесу барысында тараптар Атқарушы кеңестің кезекті 4-отырысына, сондай-ақ 2020 жылы Түркияда өткізуге жоспарланған АҚИҰ Бас Ассамблеясының 3-сессиясына дайындық мәселелерін талқылады.
Ш.Нұрышев ұйым өкілдерін қабылдай отырып, СІМ АҚИҰ қызметіне, оның ішінде осы ұйымның мүшелік құрамын кеңейту бойынша жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыратынын атап өтті.
Дипломаттың бағалауынша, қазіргі әлемді жалпы алып қарағанда және Ислам қоғамдастығын жеке алғанда, азық-түлік қауіпсіздігі проблемасы айтарлықтай өзекті болып отыр, бұл ФАО, Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі комитеті, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы және осы секілді жетекші халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастық орнату және осы бағытта күш-жігерді үйлестіру қажеттілігін туғызады.
Өз кезегінде Е.Байдәулет азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы практикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған халықаралық институттармен және қаржы мекемелерімен ынтымақтастықты арттыру бойынша өзі басқаратын ұйымның қазіргі қызметімен таныстырды. Атап айтқанда, азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен (ФАО), Ислам даму банкімен (ИДБ), ИЫҰ сауда және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Комитетімен (КОМСЕК) және басқа да даму институттарымен жемісті ынтымақтастық орнату. Сондай-ақ, АҚИҰ бас директоры флагмандық стратегиялық жобалар мен АҚИҰ-астық қоры, Ислам азық-түлік өндірушілер қауымдастығы, деректер базасының Интернет платформасы және құру әлеуеті туралы хабардар етті.
Ислам ынтымақтастығы ұйымы шеңберінде АҚИҰ құру туралы бастамасы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевқа тиесілі. АҚИҰ штаб-пәтері Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. Қазіргі уақытта ұйымның құрамына Ислам әлемінің 34 мемлекеті кіреді және оның қызметі Ауыл шаруашылығы мен азық-түлік әлеуетін дамыту саласында мұсылман әлемінің күш-жігерін жұмылдыруға бағытталған.