27 Қыркүйек 2024 2024, 19:22
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
«Мызғымас бауырластық-2024» оқу-жаттығуы өтеді
Алматы облысындағы «Берег» полигонында ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің «Мызғымас бауырластық-2024» оқу-жаттығуына дайындық қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы облысындағы «Берег» полигонында ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің «Мызғымас бауырластық-2024» оқу-жаттығуына дайындық қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әскери полиция қызметкерлері оқу-жаттығуда құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге жұмылдырылған.
Тәртіп сақшылары дала лагерінде әскери техниканың қозғалысы кезінде қауіпсіздік шараларының сақталуын қадағалайды.