"Мызғымас бауырластық-2023" оқу-жаттығуы өтеді

Қазақстан әскери қызметшілері "Мызғымас бауырластық-2023" ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерімен бірлескен оқу-жаттығуға қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару органдары мен құрамаларын бірлесіп даярлаудың 2023 жылғы 6-13 қазан аралығындағы кезеңге арналған жоспарына сай Қырғызстан Республикасы Қарулы күштерінің оқу-жаттығу орталығының полигонында (Балықшы қ.) "Мызғымас бауырластық-2023" Ұжымдық бітімгерлік күштерімен бірлескен оқу-жаттығу жоспарланған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы