Мюнхенде Олимпиада символы болған такса итіне арналған ерекше іс-шара өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияның Мюнхен қаласында 1972 жылғы Олимпиада ойындарының символы болған такса тұқымдас итіне арналған ерекше іс-шара өтті, деп хабарлайды «Хабар24».

 Атаулы күнге орай салпаңқұлақ иттер арасында кедергілерден өту, сән көрсету және Олимпиада көлінің шетінде серуендеу сынды шаралар ұйымдастырылды. 

Айта кетейік, Вальди есімді такса 1972 жылы Мюнхен олимпиадасының тұмары ретінде өзінің аңшылық қасиеттері үшін таңдап алынған болатын. Сол жылдары такса Германияда ең танымал ит болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы