Мысырдың Хургада курортында акула туристті мерт қылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мысырдың Хургада курортында акула австриялық туристке шабуыл жасады. Бұл туралы 1 шілдеде Ресейдің Хургададағы бас консулдығы мәлімдеді.


Оқиға Сахл Хашиш ауданында болғаны хабарланды.

Сахл Хашиш аймағында акула оның қолы мен аяғын тістеп алды, - дейді ведомство өкілдері.


Куәгерлер түсірген кадрларда жәбірленуші жағалауға қалай жүзуге талпынып жатқанын көруге болады. Ал айналасындағы су қызғылт түске боялған.  

Турист ауруханаға жеткізілді. Кейінірек агенттіктің дереккөзі әйел жарақаттан қайтыс болғанын хабарлады.

Болған жағдайға байланысты Сахл Хашиш ауданынан Макади Бей шығанағына дейін үш күн бойы шомылуға, дайвингке, балық аулауға және снорклингке тыйым салынды.

Дәрігерлердің айтуынша, 68 жастағы әйелге акула шабуыл жасаған. Ол ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Дәрігерлер реанимациялық шараларды қолға алғанымен, науқасты аман алып қала алмады. Марқұм мысырлық азаматқа тұрмысқа шыққаннан кейін Египетте тұрған. Қайғылы оқиғадан кейін билік қауіпсіздік мақсатында үш күнге осы ауданда шомылуға және су астына түсуге тыйым салды. Мамандар акуланың агрессивті қылығының себептерін анықтауды жоспарлап отыр. Әдетте мұндай жыртқыштар адамдарға шабуыл жасамайды.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы