Мысырдың экс-президенті Хосни Мүбәрәк қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мысырдың экс-президенті Хосни Мүбәрәк 91 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұрынғы президент Мұхаммед Хосни Мүбәрәк қайтыс болды, - деп хабарлады мемлекеттік арна.

Еl-Watan газеті президенттің ұзақ уақыт бойы ауырғанын айтады. Қаңтар айының соңында экс-президенттің асқазанындағы ісікті алып тастаған екен.

Хосни Мүбәрәк Мысырды 30 жыл басқарған - 1981-2011 жылдар аралығында. 2011 жылдың ақпанында оставкаға кеткен. Кейін ол жемқорлық үшін сотты болады. 6 жылға жуық уақыт түрмеде болған. 2017 жылы бостандыққа шыққан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы