Мысырдағы қазақстандық туристер елге қайтарылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан коронавирустың жаңа штамы «Омикронға» байланысты 3 желтоқсаннан бастап Мысырмен әуе қатынасын тоқтатады.

Қазіргі уақытта Мысырда 4 мыңға жуық қазақстандық турист бар.
Олардың барлығы алдағы күндері Air Astana әуе компаниясының 23 репартация рейсімен Қазақстанға қайтарылады. Қазір Мысырда жүрген азаматтарға еш алаңдауға себеп жоқ және олардан барлық санитарлық талаптарды сақтауды сұраймыз. Мысырдағы жаңа жылдық турларды сатып алған туристер саяхаттайтын елді ауыстыра алады, сондай-ақ, әуе қатынасы қалпына келгенге дейін қаражатты депозитке салып немесе қайтарып алуларына болады, – деді «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының баспасөз қызметі.

Билеттерді қайтару 3 ай бойы жүргізіледі.

Егер Мысырға баратын билеттерді әуе компанияларының кассаларынан немесе сайттардан сатып алған болса, жолаушыларға жұмсалған қаражат қайтарылады, –  деп мәлімдеді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Ал егер билетті туроператорларынан немесе билет сату қызметін көрсететін басқа да сайттан сатып алған болса, онда билетті сатқан орынға жүгінуге тура келеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы