Мысырда туристке акула шабуылдаған сәт видеоға түсіп қалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Мысырдың Хургада курортында австриялық туристке акула шаубыл жасап, салдарынан ол көз жұмды. 

Бұл туралы мәліметті РИА Новости хабарлайды.

Оқиға Сахль Хашиш қонақ үйі орналасқан жерде болған. Куәгерлер ұзындығы 3 метр акуланы  байқаған соң судағыларға дереу ескертуге тырысқанмен жыртқыш балық бір әйелге шап беріп үлгерген.

Сахл Хашиш аймағында акула оның қолы мен аяғын тістеп алды, – дейді ведомство өкілдері.

Бұл оқиғадан кейін жергілікті билік үш күнге Сахл-Хашиш ауданынан Макади-Бэй айлағына дейін аралықта шомылуға, дайвингке, снорклингке және балық аулаға тыйым салған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы