18 Мамыр 2025 2025, 13:15
Фото: Pixabay.com
Мысырда қазақстандық көз жұмды
Шарм-эш-Шейх әуежайында қазақстандықтар зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Mash порталының хабарлауынша, DV5270 рейсімен Астанаға ұшуға дайындалып жатқан сәтте екі әйелдің үстіне жарнамалық тақта құлаған. Олардың бірі алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапқан, ал екіншісі ауыр жарақат алған.
БАҚ өкілдері қаза тапқан және жарақат алған әйелдер Қазақстан азаматтары болуы мүмкін екенін жазған.
Осыдан соң ҚР СІМ бір адамның көз жұмғанын және тағы біреуінің ауыр жарақат алғанын растады.