Мысырда катарлық дипломаттар қаза тапты
Шарм-эль-Шейхте жол-көлік оқиғасы болып, үш катарлық дипломат қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға Қазақстан уақыты бойынша 12 қазанға қараған түні болды. Алдын ала мәлімет бойынша, олар Газа секторы бойынша келіссөздерге бара жатқан, - деп хабарлайды Israel National News.
Мысыр билігі оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Дүйсенбі күні Шарм әл-Шейхте Газа секторындағы соғысты тоқтатуға арналған саммит өтеді. Саммитте Катар да бар. Сонымен қатар, 20-дан астам елдің басшылары қатысады. Қатысушылардың кеңейтілген тізіміне Испания, Жапония, Армения, Венгрия, Үндістан, Кипр, Грекия, Бахрейн, Кувейт, Канада және Иран кіреді.
Келісім аясында кепілге алынған адамды босату қарсаңында Тель-Авивте митинг өтіп, Дональд Трамптың қызы мен күйеу баласы сөз сөйледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ӘЧ–2026 іріктеу матчы алдында Норвегияда Израиль туы өртенді
Өзгелердің жаңалығы