Мысырда екі пойыз соғылып, үш адам қаза тапты
Мысыр елінде екі пойыз бір-біріне соғылып, үш адам қаза тауып, 49 адам жараланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
АР агенттігінің мәліметінше, қайғылы жағдай Эш-Шаркияның орталығы Загазиг қаласында болған. Елдің денсаулық сақтау министрлігі оқиға орнына отыз жедел жәрдем көлігі мен қосымша медициналық бригада көмекке жіберілді деп отыр.
Зардап шеккендер Аль-Ахрар мен Загазиг университеттерінің қалалық ауруханаларына жеткізілген. Оқиға салдарынан үш адам көз жұмып, 49 адам түрлі дене жарақатын алған. Тағы бес адамның жағдайы ауыр екендігі айтылуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы