"Мысықтың суреті бар": Ұлттық банк жаңа монетаны айналымға шығарады

3 қазаннан бастап Ұлттық банк жаңа монеталарды интернет-дүкенінде сатылымға шығарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шаңырағыңыз шаттыққа толсын (Үйіңде тыныштық болсын) монетасы жер бетіндегі бейбітшілік пен ошақ жылуын білдіреді. «Шаңырағыңыз шаттыққа толсын» деген сөздер адамдар бір-бірімен тату-тәтті өмір сүрсін, үй иелеріне тыныштық пен береке болсын деген тілектк айтылады, – делінген хабарламада.

Монетада терезенің жақтауында жатқан мысықтың суреті бар. Сондай-ақ шаңырақтың, ою мен тағаның суретін де байқауға болады. Бұл монеталар 925/1000 сынамалы күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы – 1000 теңге. Тиынның таралымы – 2000 дана.

Монетаның бейнесі

Ұлттық банк

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында номиналды құны бойынша төлемнің барлық түрлері үшін, сондай-ақ банк шоттарына есепке алу үшін және еліміздің барлық банктерінде аудару, майдалау және айырбастау үшін қабылдануға міндетті, – деп жазды Ұлттық банк.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - Архив
Өзгелердің жаңалығы