Бүгiн 2026, 16:09
Фото: pixabay.com
Мысықты құтқармақ болған павлодарлық қаза тапты
Павлодардаер адам ағаштан мысықты түсіремін деп қайтыс болды.
Павлодарда 50 жастағы ер адам ағаштан мысықты түсірмек болып, шамамен алты метр биіктіктен құлап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға 5 сәуірде болған. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткендей, зардап шегуші Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілген.
Дәрігерлер көптеген сынықты, ішкі мүшелердің жыртылуын, геморрагиялық шокты анықтады. Ауыр жарақат салдарынан, жүргізілген емдеу шараларына қарамастан, пациент қайтыс болды, – делінген ведомство хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Макинск құс фабрикасында жазатайым оқиға болып, жұмысшы зардап шеккен болатын.