Мысықты кір жуғыш машинада "жуындырған" иесі жауапқа тартылды

Жетісу облысында мысықты кір жуғыш машинада "жуындырған" иесі жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Threads әлеуметтік желісінде кең қоғамдық резонанс тудырған бейнежазба тарады. Кадрлардан мысықтың кір жуғыш машинаның барабанына салынған видеосы тарады. Аталған жарияланым желі қолданушыларының наразылығын тудырып, құқық қорғау органдарының жедел әрекет етуіне негіз болды.

Бейнежазба жарияланған сәттен бастап полиция қызметкерлері жануарларға қатыгездік көрсету дерегі бойынша тексеру жұмыстарын бастады. Ролик авторы бұл әрекетін «әзіл» ретінде түсіндіріп, кір жуғыш машинаның барабанына су қоспай бір рет қана айналдырғанын, содан кейін жануарды бірден шығарғанын мәлімдеді.

Тексеру барысында мысық ветеринар дәрігердің қарауынан өтті. Маманның қорытындысына сәйкес, қазіргі уақытта жануардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Дегенмен, бұл жағдай бойынша мысық иесі жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады Жетісу облысының ПД баспасөз қызметі. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы