Мысыққа арналған төсекті ұрлаған ер адам екі жылға қамалды

Ақмола облысындағы Қосшы қаласында ер адам мысыққа арналған төсекті ұрлағаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қосшы қаласысотының мәліметіне сәйкес, іс материалдары бойынша күдікті жеке үйге газға қосылу қызметін ұсынамын деп кіріп, жағдайды пайдаланып, ауладан екі қорапты алып кеткен. Кейін ол қораптардың ішінде мысыққа арналған төсек пен ас үй үгіткіш бар екенін көріп, ұрланған затты лақтырып жіберген.

Жәбірленуші заттарды курьер арқылы тапсырыс бергенін және оларды үй ауласына тастағанын айтты. Бейнекамера жазбаларын қарап шыққан соң полицияға шағымданған, - деп хабарлады қалалық сотта.

Күдікті кінәсін мойындап, 28 мың теңге зиянын өтегеніне қарамастан, сот оның бұрын алты рет сотталғанын ескеріп, нақты мерзім тағайындады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қосшы қаласының соты
Өзгелердің жаңалығы