17 Қараша 2025 2025, 05:29 Фото: freepik

Мыс кеніші опырылып құлады: 30-дан астам шахтер қаза тапты

Кенішке кіруге тыйым салынғанымен, бірқатар жұмысшылар ережені бұзып, шахтаға түскен.

Конго Демократиялық Республикасының оңтүстігіндегі Луалаба провинциясында мыс кенішінің опырылып құлауынан 30-дан астам шахтер көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ Daily Sabah басылымына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрі Рой Каумба Майонденің айтуынша, құлаған аумақтан кемінде 32 адамның денесі табылған. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда, тағы бірнеше адамның мәйіті болуы мүмкін.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, аймақтағы қатты жаңбыр көшкін қаупін күшейткен. Тәуекелге байланысты кенішке кіруге тыйым салынғанымен, бірқатар жұмысшылар ережені бұзып, шахтаға түскен.

Басылым мәліметінше, опырылған жерде лицензиясыз жұмыс істегендер болған. Сондай-ақ, компания балалар еңбегін пайдаланды деген айыптаулар да айтылған.